Аида Балаева референдум алдындағы заң бұзушылықтарға қатысты пікір білдірді

1063
Adyrna.kz Telegram
фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева АЭС салу мәселесі бойынша референдум өткізу алдында үгіт-насихат науқаны кезінде заң бұзушылықтар болғанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Оның айтуынша, белгілі бір бұзушылықтар тіркелген, бірақ олардың барлығы процедуралық сипатта.

«Кейбір редакциялар ескертулер алды. Олар әлеуметтік сауалнамаларды жариялау кезінде заң бұзды. Ауқымды бұзушылықтар болған жоқ. Мен бүкіл ақпараттық науқанды белсенді деп сипаттай аламын. Атом электр станциясының жақтастары да, қарсыластары да бұл мәселеге қызығушылық танытып, өз ұстанымдарын түсіндіріп, дәлелдеді. Барлығы өте ашық», - деді Балаева.

Министр Қазақстанда әркім өз пікірі мен көзқарасын білдіре алатын ашық қоғам құрылғанын атап өтті.

«Бүгінгі референдум-бұл біздің Президенттің реформаларымен тікелей байланысты үлкен және түбегейлі өзгерістердің дәлелі», - деп толықтырды ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер