Германия канцлері Ресей президентімен сөйлесуді жоспарлауда

1573
Adyrna.kz Telegram
Фото: vesti.az
Фото: vesti.az

Германия канцлері Олаф Шольц қарашада Бразилияда өтетін G20 саммиті қарсаңында Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Die Zeit газеті жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәліметке сәйкес, Германия әлі бұл кездесу туралы ресми сұрау жібермеген. Егер қоңырау жүзеге асса, Шольц Украина үшін маңызды одақтас елдердің басшылары арасынан Ресей президентімен тікелей байланысқа шыққан бірінші жақ болмақ.

Айта кетсек, соңғы рет канцлер Путинмен 2022 жылдың желтоқсанында сөйлескен болатын. Сонымен бірге, АҚШ президенті Джо Байден, Франция президенті Эммануэль Макрон және Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон да Ресей президентімен соңғы рет 2022 жылы сөйлескен еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер