15 жыл іздеуде жүрген алаяқ Түркияда ұсталды

797
Adyrna.kz Telegram
фото: polisia.kz
фото: polisia.kz

Анталияда алаяқтық жасады деген күдікпен 42 жастағы Қазақстан тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына сілтеп. 

«Аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған 42 жастағы әйел Анталия қаласында ұсталды», - делінген бейсенбі күні хабарламада.

2009 жылы ол Ақтау қаласындағы банктердің бірінің директорының орынбасары бола отырып, жылжымайтын мүлік сатып алу үшін 200 мың АҚШ доллары мөлшерінде несие алу туралы өтінішпен қаржы ұйымына жүгінген. Ақшаны алу кезінде әйел қарыз алушының қолтаңбасын қолдан жасап, артынан жасырынған.

Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі уақытта қамауда.

Пікірлер