Тағы бір жүлде. Даяна Федосова ел қоржынына парадзюдодан қола медаль сыйлады

567
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық дзюдошы Даяна Федосова 2024 жылы Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметіне сілтеп.

«Қазақстандық дзюдошы Даяна Федосова 2024 жылғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды», - делінген хабарламада.

Федосова 57 келі салмақта Түркия өкілі Денду Ешилюртті сенімді түрде жеңді.

2021 жылы Даяна Токиодағы Паралимпиада ойындарына да қатысқан еді.

Еске сала кетейік, алғашқы алтынды қазақстандық пауэрлифтингші Давид Дегтярев жеңіп алды. Ол Қазақстан тарихындағы тұңғыш екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.

Одан кейін дзюдошы Ақмарал Науатбек Қазақстанға Паралимпиада ойындарының екінші «алтынын» әкелді.

Қазір Паралимпиададан ел қоржынында жеті медаль бар.

Пікірлер