Абай облысында қос азаматтығы бар тұрғын Қазақстаннан шығарылды

1449
Adyrna.kz Telegram
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Көші-қон қызметі қос азаматтығы бар Абай облысы Бородулиха ауданының тұрғынын анықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, тамызда құқық қорғау органдары биылғы маусымда Ресей Федерациясының азаматтығын алып, Қазақстан азаматтығы күшін жойғанын рәсімдемеген 54 жастағы ер адамды анықтады.

“Сот қаулысы бойынша, құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы екінші бөлігі бойынша Қазақстан Республикасынан шығару түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары тәртіп бұзушыдан республика азаматының төлқұжатын алып, Қазақстан азаматтығынан айырылғанын рәсімдегені нақтыланады.

Полицейлер елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салып, тұрғындардан көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер