Паралимпиада-2024. 2 спортшы жарыс жолына шығады

1039
Adyrna.kz Telegram

Паралимпиада ойындарының екінші күнінде 2 қазақстандық спортшы жарыс алаңына шығады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Атап айтсақ, 30 тамызда пара таеквондо (Камила Досмалова– 57 кг – К44) және пара жеңіл атлетика (Салтанат Әбілқасымқызы – 100 м жүгіру) бойынша 2 медаль жиынтығы ойналады.

Пара таеквондо жеребесі бойынша Камила Досмалова 1/4 финалда Джульетта Мойпо (Кения) - Мария Мицев (Сербия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.  Ал пара жеңіл атлетикада Салтанат Әбілқасымқызы (100 метрге жүгіру) өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды. Дүбірлі дода 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Пікірлер