Бір адам уланды. Астанада автосервис өртенді

1102
Adyrna.kz Telegram

Астанада автосервис өртенді. Салдарынан бір адам уланып, жедел жәрдем қызметкерінің көмегіне жүгінді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық портады. 

Ақпаратқа сәйкес, Тәуелсіздік көшесінде орналасқан Техникалық қызмет көрсету станциясында шыққан өрт сөндірілді.

«Өрт 200 шаршы метр аумақта сөндірілді. Ғимараттың шатырына оттың ауысуымен, бояу цехында өрт орын алды. Автокөліктерге қызмет көрсету орталығының бір қызметкері жану өнімдерімен уланып, жедел жәрдем бригадасының қызметіне жүгінді», - деп жазды ТЖМ.

Пікірлер