Бокс федерациясы Мырзағали Айтжановқа шапан жауып, сый-сияпат көрсетті

806
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан бокс федерациясы Еңбек сіңірген жаттықтырушы, ұлттық құраманың экс-бапкері Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мырзағали Құланұлының Қазақстан боксына сіңген еңбегі зор. Бүгінгі күнге дейін былғары қолғап шеберлерін дайындауда төккен маңдай терді бағалаймыз және сізге алғыс айтамыз»,—деді федерация президенті Шахмұрат Мүтәліп.

Қазақтың дәстүрі бойынша Мырзағали Айтжановтың иығына шапан жауылып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Еске салайық, Париж Олимпиадасынан кейін бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметінен босатылған еді.

Пікірлер