"Сыйақы беріледі". ҚМА 400 миллион теңге жымқырған күдіктіге іздеу жариялады

839
Adyrna.kz Telegram
фото: ҚМА баспасөз қызметі
фото: ҚМА баспасөз қызметі

Алматыда салық төлеуден жалтару және 400 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деген  күдікті іздеуге жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметіне сілтеп. 

«ҚМА Алматы қ. бойынша департаменті ҚР азаматы Бойко Михаил Адамовичты (1963 жылғы 25 маусым туған) іздестіруде. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабы 3-бөлігі (салық төлеуден жалтару) және 218-бабы 3-бөлігі (қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру) бойынша қылмыс жасады деп күдіктелуде. Бойко М.А. балық өнімдерін экспорттайтын кәсіпорындардан корпоративтік табыс салығын төлемей, мемлекетке 400 миллионнан астам теңге залал келтірген», - делінген жұма күні таратқан хабарламада.

ҚМА іздеуде жүрген адамның тұрған жері туралы қандай да бір ақпаратты білгендер болса, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне (ЭТД) мына телефон арқылы хабарласуыңызды сұрайды:

+7-701-218-05-23;

+7-701-121-47-65 – іздеушілер үшін;

+7-7272 - 79-29-56 – кезекші бөлім.

«Сыйақыға және анонимділікке кепілдік беріледі», - деп қосты ҚМА.

Пікірлер