Париж Олимпиадасы. Бүгін қазақстандық спортшылар 5 спорт түрінен сынға түседі

1237
Adyrna.kz Telegram
Фото: olympic.org
Фото: olympic.org

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 8 тамыз күні қазақстандық спортшылар 5 спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Олар – көркем гимнастика, байдарка мен каноэде есу, қазіргі бессайыс, еркін күрес және құзға өрмелеу.

8 тамыздағы жарыс кестесі:

Көркем гимнастика

13:00-18:00. Эльжана Таниева

Байдарка мен каноэде есу

13:30. Мария Бровкова

16:20 Сергей Емельянков, Тимур Хайдаров

Грек-рим күресі

14:00. Ерлер. Бастапқы кезең. 87 келіге дейін. Нұрсұлтан Тұрсынов

Қазіргі бессайыс

14:00. Георгий Борода Дудочкин

17:30. Елена Потапенко

Еркін күрес

14:00. 21:15. Мейрамбек Қартбай, Азамат Дәулетбеков

Жартылай финал. Құзға өрмелеу

15:35. Әмір Маймұратов

15:54. Финал

Олимпиаданың 13 тәулігінде Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.

Пікірлер