Өзін банк қызметкерімін деп көрсеткен. Қазақстан шекарасында ресейлік азамат ұсталды

1070
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан шекарасында кибералаяқтық жасады деген күдікті ресейлік азамат ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеп.

«18 шілдеде Тараз қаласы прокуратурасының келісуімен қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстары барысында қаланың үш азаматын интернет-алаяқтық арқылы алдап кеткен Ресей Федерациясының азаматы «Р»ны ұстады», - делінген хабарламада.

Прокурорлар сәуірден мамырға дейін шетелдік азамат пен оның сыбайластары әртүрлі нөмірлерден телефон соғып, өздерін «банктің екінші деңгейлі қауіпсіздік қызметкері» және «құқық қорғау органының қызметкері» деп таныстырып, олардың атынан алаяқтардың банктен несие алмақ болғанын айтып алдап соққан.

«Осы схеманы пайдалана отырып, WhatsApp әлеуметтік желісінің бейнебайланысы арқылы алаяқтар оларға жалған несие беріп, азаматтарддың 19 миллион теңге қаржысын иемденген», - деп хабарлайды прокуратура.

Күдікті Мемлекеттік шекара бекетінен Қырғыз Республикасына өтіп бара жатқан жерінде ұсталды.

Пікірлер