Мәсімовпен істес болған ҰҚК төрағасының орынбасары қызметтен босатылды

1692
Adyrna.kz Telegram
Фото: malim.kz
Фото: malim.kz

Қазақстан Президенті ҰҚК төрағасының орынбасарын қызметтен босатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев Қаңтар оқиғасынан кейін сотталған Кәрім Мәсімовпен бірге қызмет еткен.

Марат Қалқабаевтың неліктен қызметінен босатылғаны туралы ақпарат тараған жоқ.

Ол 2013 жылдың қазанында Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының орынбасары болды. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 9-шы тергеу басқармасында жұмыс істеп,  Астана қалалық Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған. 40 жыл бойы еңбек еткен Марат Қалқабаев генерал-майор шенімен қызметінен кетті.

Ол ҚР ҰҚК құрметті қызметкері атанған. Қызметін 1984 жылы бастаған. 1995 жылдан 2013 жылға дейін Ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарды атқарды.

Пікірлер