Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы үздік нәтиже көрсетті

1310
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы Париж олимпиадасын жеңіспен бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Париж Олимпиадасында Өзбекстан атынан өнер көрсетіп жатқан этникалық қазақ Руслан Абдуллаев алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын тізе бүктіріп, жеңіске жетті.

Алғашқы айналымда мексикалық Мигель Мартинеске қарсы жұдырықтасқан Абдуллаев үш раунд бойы қарсыласына жойқын соққы жасап, жеңді. 63,5 келіде сынға түсетін Руслан ширек финалда канадалық Уайетт Сэнфордқа қарсы жұдырықтасады.

2002 жылғы боксшы Өзбекстанда туылған. Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының мүшесі, әлем чемпионы, Азия чемпионы, Өзбекстан чемпионы, халықаралық және ұлттық әуесқой турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері.

Пікірлер