“Ұйықтап кеткен”. Алматыда жол талғамайтын көлік пен жеңіл көлік соқтығысты

999
Adyrna.kz Telegram

Алматыда көлік жүргізушісі рөлде ұйықтап кетіп, екінші көлікпен соқтығысқан, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде Шаляпин мен Саин қиылысында болған жол апатының түсірілген видеосы жарияланды. Жол талғамайтын көлік арыққа түсіп кетіп, екінші көлік қатты зақымданған. Куәгерлердің айтуынша, апат таңғы сағат 5-тер шамасында болған және жүргізушілердің бірі рульде ұйықтап кеткен.

Алматы полициясы Chevrolet Cobalt және Toyota Land Cruiser көліктерінің қатысуымен болған оқиға Әуезов ауданында болғанын хабарлады.

«Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады Әуезов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті», - деп хабарлады жол полициясының баспасөз қызметі.

Пікірлер