Екі ел премьері Yandex-ке барып қазақша қызмет үлгісін көрді

1243
Adyrna.kz Telegram

Үкіметаралық комиссия отырысына қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов Алматыдағы бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы премьер-министрдің ресми сайтына сілтеп.

Қазақстан Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов пен Өзбекстандық премьер Абдулла Арипов қаладағы қоғамдық көліктерге арналған Диспетчерлік орталықты бірлесіп тексерді. Өзбекстан Республикасының премьер-министріне Қазақстанның цифрлық шешімдері таныстырылды.

Жұмыс сапары барысында ағымдағы жылдың наурыз айында ашылған және Орталық Азиядағы ең ірі Яндекс кеңсесіне айналған Yandex Qazaqstan-ның жаңа кеңсесі қаралды. Компания белсенді түрде локализациялануда. Бүгінде онда 750-ден астам қызметкер жұмыс істейді.

Үкімет басшыларына қазақстандық пайдаланушылар мен бизнес секторының қажеттіліктеріне бейімделген іздеу жүйелері, карталар, көлік қызметтері сияқты ұсынылатын қызметтердің кең ауқымы ұсынылды. Яндекс халықаралық IT-компаниясы бұлттық технологияларға, қазақ тіліндегі сөйлеу синтезіне, интернетте іздеу мен жасанды интеллектті дамытуға инвестиция салуда. Тексеру барысында «Алиса»-мен қазақ тілінде интерактивті әңгіме көрсетілді.

Сонымер қатар, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Қазақстанға ресми сапары қарсаңындағы екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, екі ел премьері мемлекет басшыларының келісімдерін жүзеге асыру қарқынын қарастырды. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетика саласындағы ынтымақтастықты, көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, экология және цифрландыру салаларындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған жобалардың жай-күйі талқыланды.

Бұдан бөлек, Орталық Азиядағы барлық сауданың 57%-ы Қазақстан мен Өзбекстанға тиесілі екені айтылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы 2024 жылдың 4 айында 4,5 миллиард долларды құрады, көлемі 1,2 миллиард доллардан асты.

 

Пікірлер