Жалақы төленбеген. «Ақжайық» футболшылары Ақтөбедегі ойынға барудан бас тартты

1700
Adyrna.kz Telegram
Сурет: uralskweek.kz
Сурет: uralskweek.kz

Батыс Қазақстан облысы намысын қорғайтын «Ақжайық» футбол клубының ойыншылары чемпионат матчына қатысудан бас тартты. Бұл туралы «Мой город» жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Спортшылардың бұндай қадамға баруына бірнеше ай бойы жалақы алмауы себеп болған.  Өткен жылы клубты қаржыландыру 400 миллион теңгеге дейін қысқарса, биыл төтенше жағдай режиміне байланысты мүлдем қаржыландырылмаған.

Футболшылар облыс әкімдігіне барып, жағдайды баяндап берген. БҚО әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев мәселені зерттеу үшін өзіне уақыт керектігін жеткізді.

Айта кетейік, 12 шілдеде «Ақтөбе Жас» футбол клубымен «Ақжайық» арасында ойын өтуі керек болған. Спортшылар осы және өзге де матчтарға барудан бас тартты.

Қазіргі таңда «Ақжайық» турнир кестесінде 6 ұпаймен 15-орында келеді. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер