Елена Рыбакина Уимблдонның жартылай финалына шықты

972
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеп.

«Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина British Open турнирінің жартылай финалына сенімді түрде шықты», - делінген хабарламада.

Әлемнің төртінші ракеткасы украиналық Элина Свитолинаны (21 WTA) бір сағатта екі сетте 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Финалға шығу үшін Елена Рыбакина 2021 жылғы Ролан Гаррос чемпионы, WTA рейтингінде 32-орында тұрған чех Барбора Крейчиковамен ойнайды.

Пікірлер