Бүгін Астанада Чернобыль апатына қатысқан, Тәжік-Ауған шекарасында ерлік көрсеткен, Таулы Қарабах қақтығысына қатысқан, Ирактағы бітімгерлік миссиясына қатысқан ардагерлерге арналған орталықтың ашылу салтанаты өтті деп хабарлайды Адырна тілшісі.
Орталық Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ашылды.
Орталықтың ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов, мәслихат депутаттары мен қаланың дамуына үлес қосқан ақсақалдар қатысты.
Аталған орталық конференц зал, кітап оқу алаңы, қоғамдық ұйымдарға арналған бөлмелермен жабдықталған.
Астанадағы жауынгер ардагерлер үшін бұл орталықтың ашылуы үлкен қуаныш. Орталық құрметті еңбек демалысына шыққан барлық аталған ұйым ардагерлерінің басын біріктіретін бірегей ортаға айналмақ.
Орталықтың мақсаты - өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беріп, ардагерлерге қолдау көрсету.