ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұрға жаңа көлік табысталды (ВИДЕО)

897
Adyrna.kz Telegram

ҰБТ-дан максималды 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекке жап-жаңа автокөлік табысталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Жаннұрға Hyundai Sonata автокөлігін тестілеуге дайындық жүргізген Juz40 білім беру орталығы сыйға тартты. Жыл басында аталмыш орталық шекті балл жинаған түлекке жаңа автокөлікті уәде еткен болатын.

“ҰБТ-дан 140 балл жинау - Қазақстанда бірнеше жылдан кейін орын алған жағдай. 140 балл жинаған біздің түлек Жаннұр Еңсебекке Hyundai Sonata автокөлігі табысталды” делінген компания жазбасында.

Видеода Жаннұр эмоциясын жасыра алмай, көз жасына ерік берді. Көпшілік оған: “еңбегі ақталды”, “ата-анасының үміті ақталды” деп құттықтаулар жаудыруда.

Бұған дейін, Жаннұрдың 140 балл жинаған сәттегі алғашқы әсерін бөліскен болатынбыз.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

Пікірлер