Италия қытайлық көліктерді сататын компанияға айыппұл салды

1383
Adyrna.kz Telegram

Италияның монополияға қарсы агенттігі DR Automobiles компаниясына «әділетсіз коммерциямен айналысқаны» үшін 6.4 миллион еуро айыппұл салды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Оңтүстік Италияның Молизе өңіріндегі компания Chery, JAC және BAIC модельдерінің арзан бензинді және электрлі көліктерін біраз өзгертіп, DR және EVO бренді ретінде сатқан.

Үкімет құжатының 71 бетінде DR Automobiles ұлттық ту мен көрнекі жерлерлі пайдаланып, өзін италиялық автоөндіруші ретінде көрсеткісі келген. Автомобильдер Италияға дайын күйде кірген, ал пысық кәсіпкер радиатор торына өз логотипін орнатып, тақтайша жапсырған. Carscoops  басылымы Chery-дің Tiggo 2 және Tiggo 4 модельдері DR 3.0 және DR 5.0-ге айналғанын хабарлады.

AGCM алаяқтық схема тұтынушыларды шатастырғанын мәлімдеді. DR Service & Parts еншілес фирмасы қосалқы бөлшек жеткізуге кепіл болмаған, клиенттеріне дилерлік желі және/немесе шеберханалар арқылы көлік сатып алғаннан кейін тиісті көмек бермеген.

Пікірлер