Атырауда төрт жасар бала биіктен құлап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бала 10-қабаттан құлап, мерт болды. Қалалық ПД мәліметінше, қайғылы оқиға 14 маусым күні сағат 09:00 шамасында болған.
Атыраудағы көпқабатты үйлердің бірінің 10-қабатынан құлаған төрт жастағы ұл бала оқиға орнында қайтыс болған. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайтыны белгілі болды.