ROMAN BURKASH: Табиғатынан алаяқ адам қажылыққа барып келсе де әдетін тыймайды

1956
Adyrna.kz Telegram
Фото: Kun.uz
Фото: Kun.uz

Пара алатын мәдениет қайраткерлерін де көрдік, адам ұратын діндарларды да көрдік.

“Тоғызыңда қандай болсаң, тоқсаныңда сондай боласың” деген рас. Жалпы айтқанда адамның кішкентайында  мінез-құлқы қалай қалыптасқаны, ата-анасынан не көргені, қандай тәрбие алғаны шешуші рөл ойнайды. Одан кейін оны мәдениет те, өнер де, дін де өзгерте алмайды.

Адам табиғатынан қатал, қатыгез болса мейлі әлемнің ең үздік діни білімін алса да айтқан уағызында, ұстанымында, жүріс-тұрысында сол қаталдығы білініп қап жатады.

Табиғатынан алаяқ адам қажылыққа барып келсе де ол әдетін тыймайды.

(Әңгіме философиядағы жақсылық пен жамандық деген тақырыпқа ойысып барады. Ол енді бөлек тақырып)

Керісінше табиғатынан биязы, арлы, адал адам қандай дінге кірсе де, дінге сенбесе де көп жағдайда (арнайы оқытылмаса) сол қалпын бұзбайды.

Адамдығы, адалдығы кейбір діндарлардан асып түсетін атеисттер де, агностиктер де, деистер де бар.

Мен бұл жерде дінді, мәдениетті қаралап тұрғаным жоқ.  Мәселе адам табиғатында болып тұр.

Дінге кірген адам жамандықтан тыйылуы мүмкін. Егер Құдайдың жазасынан қорқып тыйылған болса6 онда ол толық өзгерген адамға жатпайды.

Иә, адам өзгермейді емес өзгереді. Соғыс, махаббат, қаза, ғашық болу секілді ұлы оқиғалар көп жағдайда адамды қатты өзгертуі мүмкін.

Ал басқа жағдайда адамның өзгеруі қиын.

Сондықтан әділет, этика, заң, ереже, тәртіп, құқыққа біз қатты мұқтажбыз (адамзаттың ең үлкен жетістігі заң ойлап табуы)

Үйімізді құлыптап уайымсыз кете бере алуымыз, бала-шағамызды сыртқа уайымсыз жібере алуымыз осы құндылықтар қоғамда қаншалықты жұмыс жасайтынына байланысты.

Зұлымдыққа ұшырасам, құқығым қорғалады деп ойлайтын болсақ, жақсылықтан күдер үзбеген болсақ, көшеде емін-еркін жүре алатын болсақ, онда әлем қазіргідей әлем болуына өмірін арнаған, сол жолда құрбан болған,  күрескен қаншама философтарға, интелектуалдарға, жазушыларға, ғалымдарға, қоғам қайраткерлеріне қарыздармыз.

Әйтпесе, мына тұрған дүкенге бару мұң болар еді.

 

Roman Burkash

 

 

 

 

Пікірлер