Шегірткені "халал" деген вице-премьер жәндікпен күресу үшін Жетісуға аттанды

1836
Adyrna.kz Telegram
Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі
Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Шенділер шегірткемен күресу үшін түрлі облыстарға баратын болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ал ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркістан облысына барса, вице-министрлері Қостанай және Ақтөбе облыстарына жұмыс сапарымен жөнелетіні белгілі болды. Ал шегірткені "халал" деп атаған вице-премьер Жетісуға жұмыс сапарымен аттанды.

Штаб отырысының қорытындысы бойынша, Түркістан облысындағы жағдай қиын екені анықталды. Аймақтағы зиянкестер 60 мың гектар алқапқа таралып кеткен. Сол себепті Ауыл шаруашылығы министрлігінің 46 қызметкері іссапармен Түркістанға аттанған.

«Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин ұйымдастыру жұмыстарын жедел басқару үшін Жетісу облысына, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркістан облысына, ауыл шаруашылығы вице-министрлері Қостанай және Ақтөбе облыстарына жұмыс сапарымен барады», - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер