Тоқаев академик Шармановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

1475
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев академик Төрегелді Шармановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп. 

Мемлекет басшысы аса көрнекті ғалым, Қазақ тағамтану академиясының президенті, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

“Төрегелді Шарманұлы бүкіл саналы ғұмырын ұлт денсаулығына арнаған бірегей тұлға, биік парасат иесі еді. Отандық медицинаның алға басуына бар қажыр-қайратын жұмсап, көптеген игі іске бастамашы болды. Қазақ тағамтану ғылымының көкжиегін кеңейтіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық байланыс орната білді. Өзінің жаңаша мектебін қалыптастырып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы, ғибратты ғұмыр кешкен Төрегелді Шарманұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын”, – деп жазылған жеделхатта.

Пікірлер