Оқу-ағарту министрі үндеу жолдады

1184
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Бүгін, 24 мамырда Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандық оқушыларды 2023-2024 оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сіздерді биылғы оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Осы айтулы оқиғаны алғаш рет «Білімім – Отаныма» тақырыбында жаңа бірыңғай форматта атап өтеміз.

Бұл – бір жылда атқарылған жұмысты қорытындылап, мұғалімдерге, мектеп ұжымына, ата-аналарыңызға алғыс айтуға болатын таптырмас себеп. Өйткені, сіздердің еңбекпен алған білімдеріңіз Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметтің белгісі! 

Бүгін сіздермен бірге еліміздегі төрт миллионға жуық оқушы келесі сыныптарға ауысады. Бір жылда сіздер есейіп, оқуда, шығармашылықта, спортта үлкен жетістіктерге жеттіңіздер»,—деді министр.

Ғани Бейсембаев су тасқынымен күресте алдыңғы қатарда болып, көмекке жұмылған қазақстандық педагогтерге алғысын білдірді.

«Қиындықтарға мойынсұнбай, балаларымызды оқытуды жалғастырдыңыздар, мектептерді құтқарып, мұқтаж жандарға қолдау көрсеттіңіздер және ағартушылық миссияны адал атқардыңыздар. Сіздердің ерен еңбектеріңіз бен ұстаздық кәсіпке адалдықтарыңыз үшін ең шынайы ризашылығымды білдіремін!»— деді ол.

Пікірлер