Өскеменде суға секірген жігіт бірнеше күннен бері табылмай жатыр

885
Adyrna.kz Telegram
Фото: Скриншот
Фото: Скриншот

Өскеменде 22 жастағы жігіт табылмады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеп.

“Ертіс өзеніне секіріп кетті” деп хабарланған Жандос Баяновты бірнеше күннен бері табылмауда. Оның ағасы Айбол Баянов іздеу жұмыстарына көңілі толмайтынын айтқан. Жоғалған азаматтардың туыстарына Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы “іздеуді қатты ағыс пен су айдынының ұзындығы қиындатып жатыр” деп мәлімдеген.

 "Құтқарушылар бір ғана қайықпен іздеп жатыр. Арасында өзім де олармен бірге өзен бетіне шықтым. Мәшинемен де Ертіс өзенінің жағалауын күнде қарап жүрмін. Бірақ таба алмадық. Суға 15 мамырдан 16 мамырға ауған түні сағат 00.45 шамасында секірген. Құтқарушылар іздеуге бірден көшкен жоқ", — деді Айбол Баянов.

Ал Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы, іздеу полициядан шағым келген сәтте басталды дегенді айтады.

"Іздеу жұмыстары жүгінген уақыттан, атап айтқанда 2024 жылғы 16 мамырдан бастап басталды. Күн сайын қайықтағы құтқарушылар жағалау сызығын зерттейді, іздеу жұмыстарына күшті ағын мен су аймағының ұзындығы қиындық туғызып отыр", - делінген ТЖД хабарламасында.

Департаменттің мәліметінше, іздеулер Предгорное кентіне дейін жүргізілген.

Ал жоғалған жігіттің ағасы құтқарушылардың жұмысына наразы. Себебі Айбол Баянов құтқарушылар бірнеше арызданған соң ғана іздеуге кіріскенін айтады. Ал інісінің көпірден суға секіргенін куәгерлерден білгенін айтады.

"Полициядан “сергек” камераларынан қарап беруді сұрадым. Бірақ жазбаны арнайы рұқсатсыз бере алмайтынын айтты. Мәшинелер айыппұл алғанда видеоны дереу көрсетеді ғой, көлік адам өмірінен қымбат па?" — ол.

Пікірлер