Өскеменде өртенген үйден үш адамның мәйіті табылды

959
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/0dcf3d07-5f6f-4832-8249-85d0f1cb4cfd-960x500.jpeg?token=85e75f4405234674be3fa82d7382fda0
Өскемен қаласында өртенген жер үйлердің жертөлесінен өртті ауыздықтау барысында үш адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Қазіргі таңда адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, қамауға алынды.
"Полиция қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу барысы ШҚО ПД басшылығының жеке бақылауында", - делінген ақпаратта.
Бейресми мәліметтерге сүйенсек, марқұмдардың бастарында кесілген жарақаттар табылған.
Комментарии