Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару. Таразда ер адам досын атып өлтірді

2054
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Таразда ер адам досын атып өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы КТК телеарнасына сілтеп.

Алдын ала ақпарат бойынша, автомат қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. 28 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікті оның досы болып шықты.

Калашников автоматынан оқтың кездейсоқ атылған деп болжанған. Полиция қарудың қаңтар айындағы оқиға кезінде ұрлап кеткен болуы мүмкін екенін хабарлады.

"Адам өлімі фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Алдын ала ақпарат бойынша, Жамбыл облысы полиция департаментінің ғимаратынан қару ұрланған. Қазіргі уақытта олардың осы оқиғаларға қатысы тексеріліп жатыр", - дейді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Гүлсара Мұхтарқұлова

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер