Биыл Ақмола облысында 5 мыңға жуық түлек мектеп бітіреді

892
Adyrna.kz Telegram

Биыл өңірде  138 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға көп. Ал оның ішінде 9-сыныпты 12693 түлек, 11-сынып 4967 түлек  аяқтайды.

11 сыныптың 242 түлегі «Алтын белгі» төсбелгісін алуға және 365 түлек Үздік аттестатқа үміткерлер.

Өндірістік қажеттілікке байланысты облыста Бұланды мен  Жарқайың ауданының 4 мектебі жағдай тұрақталғанға дейін 2023-2024 оқу жылының 4-ші тоқсанында БЖБ және ТЖБ тапсыруы ауыстырылды.

Су тасқыны болған аймақтары қорытынды емтихандарды тапсырудан босатылмайды.

11 сынып үшін қорытынды аттестаттау ағымдағы жылдың 28 мамырынан 11 маусымына дейін өтеді, 9 сынып үшін - ағымдағы жылдың 29 мамырынан 10 маусымына дейін өтеді.

Тағы айта кететін жайт, біздің облысымыздың бірқатар аудандарында Төтенше жағдай режимінің жариялануына байланысты облыста Ұлттық бірыңғай тестілеу ағымдағы жылдың 25 мамырынан 12 шілдесіне дейін өткізілетін болады. Қалған өңірлерде тестілеу 2024 жылғы 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өтеді.

Білім беру сапасын арттыру, білім алушылардың, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 2024 жылғы 27 мамыр мен 31 мамыр аралығында және ағымдағы жылғы 26-30 тамыз аралығында бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің негізгі пәндері бойынша 1-8, 10 сынып оқушылары үшін Жазғы мектеп ұйымдастырылады.

Пікірлер