Таразда ер адам досын өлтірді деген күдікке ілінді

776
Adyrna.kz Telegram

Таразда ер адам өз досын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Жағдайға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кісі өлтіру оқиғасы бір күн бұрын қаладағы шағын аудандардың бірінде болған. Пәтерде бірге болған 1996 жылы туған екі достың бірі екіншісін абайсызда өлтірген.

Қажетті сараптамалар тағайындалғаны хабарланды.

Пікірлер