Қазақстандық UFC спортшысы секс-құлдыққа мәжбүрленгенін айтты

1793
Adyrna.kz Telegram

UFC спорты бойынша тұңғыш қазақстандық спортшы ару Мария Агапова (10-4) күтпеген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

27 жастағы спортшы әлемдегі ең әйгілі жекпе-жек промоушеніндегі келесі жекпе-жегіне екі ай қалғанда үйсіздерге арналған баспанадан орын табуға мәжбүр екенін хабарлады.

"Бір аптадан кейін мен үйсіз қалатын шығармын. Сіз таң қалып отырсыз ба? Бірақ мен таң қалмаймын. Бұл менің Америкадағы өмірімнің классикасы. UFC жекпе-жегінің алдында баспанасыз қалу. Бұл нағыз классика! Келесі аптада мен үйсіздерге арналған баспана іздеймін, себебі мен енді адамдарға сенбеймін. Пәтер жалдауға ақшам болмағандықтан, керек жерде тұрамын. Адамдар мені қанауда, ал бұл қанау кезінде олар менің жеке шекараларымды және менің өмірімді елемейді. Соның ішінде мені артымнан жыныстық құлдыққа сатуға тырысу әрекеттері де болды. Кім біледі баспанасыздарға көмек көрсетуді мақсат ететін және пайдаланбайтын қайырымдылық ұйымдары бар шығар, маған жазыңыз. Флорида штаты», - деді Агапова әлеуметтік желілердегі жазылушыларға.

Еске сала кетейік, қазақстандық ару соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде октагонға шыққан болатын. Одан кейін қазақстандық қыз екінші раундта канадалық Джиллиан Робертсонға қарсы кездесуде жеңіліс тапты.

14 шілдеде Мария Агапова Лас-Вегаста өтетін UFC on ESPN+ 101 турниріне қатысуға ниетті. Қазақстандықтың қарсыласы бразилиялық Луана Сантос (7-1) болмақ.

Пікірлер