“Балаларға ата-әжелерінің ерлігі мен өнегесін көбірек айту керек” - сұхбат

3543
Adyrna.kz Telegram
Фотоколлаж: adyrna.kz
Фотоколлаж: adyrna.kz

"Адырна" ұлттық порталының кезекті қонағы - психолог, педагог, тектанушы Әлия Сағымбаева.

Сұхбат барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық, ел аузында жүрген сот, адам тегі, қан, ұрпақ, қарғыс, ұлтаралық неке мәселелері сөз болды.

"Адырнаның" қонағы бүгінде қоғам мәселесіне айналған зорлық-зомбылық тақырыбын ашық көтеріп, оның себебін айтты.

"ХХ ғасырда қазақ жеріне славян ұлт-өкілдері көп келді. Олар өзімен жерімізге арақ-шарап ала келді. Әсіресе соғыстан кейін, тың игеру кезінде. Әскери тарихшылар біледі, Сталиннің сондай үкімі болған дейді. Содан кейін аталарымыздың жартысы елге оралды. Негізі соғыста болған азаматтар, әйелдер болсын дамыған елдер соларды психологиялық реабилитацияға жібереді. Мысалы, Америка-Вьетнам. Ресейде де сондай бар. Ал ол кезде қайдағы психология? Адам өлтіріп, көрмеген сұмдықты көріп келген. Ары қарай өмір сүруі керек. Мұны жақсы дәрігерлер түсінеді. Пост травматикалық бұзылу дейді. Ал осы арақ-шарап ішіп алса адам өзін жайлы сезінеді. Өзін жақсы сезінгенімен ол айналасын қырып-жояды. Соғыс кезінде алғанының бәрін арақ арқылы шығарған. Кеңес дәуірі кезінде сондай отбасы көп болды. Балалар соны көрді. Бала ұясынан көргенді істейді. Ол тәрбиеге де, отбасыға да, тәрбиеге де байланысты. Көбінесе зорлық-зомбылыққа ер азаматтар барады ғой. Маған ондай адамдар келмеген. Бірақ күйеулерінен зорлық көрген әйелдер келеді. Олар қатты депрессияда жүреді. Олармен психологтар жұмыс істеуі керек. Бірақ ол әйелдің де анасы әкесінен, әжесі атасынан зорлық көрген. Бұл генетика. Оны біреу тоқтатуы керек. Айтады ғой, алма ағашынан алыс түспейді", - дейді тектанушы маман.

Пікірлер