Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ақпарат бойынша, 18 мамырда сағат 08:00-де Жайық өзеніндегі су деңгейінің өзгеруі (17 мамырдағы сағат 8:00-дегі жағдаймен салыстырғанда):
Индербор ауылында +3 см, су деңгейі - 1027 см, шекті деңгейі - 845 см;
Махамбет ауылында + 8 см, су деңгейі -
1008 см, шекті деңгейі - 850 см;
Атырау қаласында + 6 см, су деңгейі- 566 см, шекті деңгейі - 550 см;
Жаңаталап ауылында + 3 см, су деңгейі - 410 см, шекті деңгейі - 500 см;
Еркінқала ауылында + 3 см су деңгейі - 368 см, шекті деңгейі - 450 см.
Айта кетейік, өңірде бөгеттерді нығайту, биіктету жұмыстары әлі жалғасып жатыр.