Экс-полицей 3 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді

1179
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Ақтөбеде 3 жасар қыздың зорланғаны жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазір полиция тексерісті бастады.

Оқиғаны "Немолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Қор жетекшісінің парақшасына белгісіз әйел 3 жасар қызының зорланғаны туралы хабарлама қалдырған.

"Анасының айтуынша, қыз әкесінің туыстарына барған. Үйіне келгенде көкесінің тиіскенін айтып, шағым жасаған. Анасы баланы ауруханаға апарған. Дәрігер ануста 2 сантиметр сызат барын растаған. Қыздың анасы дереу полицияға арыз берген, бірақ күдікті ақша төлейді деп қорқып отыр. Оның айтуынша, ол бұған дейін полиция қызметкері болып, тіпті әкімдікте басшылық қызметте болған. Оны ауылдағының бәрі біледі, ол жақта танысы көп. Оның үстіне, анасы тергеу амалдарына баруға қорқады, өйткені ол өз өмірі мен қызының өміріне қауіптенеді. Қыз психологиялық зақым алған, мұны психолог растады", - делінген “Немолчи” қорының жарияланған жазбасында.
Қазір жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық дерегі бойынша соталды тергеу басталған. Полиция хабарламасында:
“Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Барлық қажетті сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданады”, - делінген жауапта.
Пікірлер