Геннадий Головкин Өзбекстанның олимпиада комитеті басшысымен кездесті

1708
Adyrna.kz Telegram
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Өзбекстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшылығымен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Olympic.kz басылымына сілтеме жасап.

Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин Өзбекстан ҰОК бас хатшысы Ойбек Қасымовпен кездесті.

"Тараптар бауырлас елдердегі спортты дамытудың мақсаты  мен ерекшеліктері ортақ екенін атап өтті. Бұл бағыттағы бірлескен жұмыс тұтастай құрмет пен достық негізге құрылған", - делінген хабарламада.

Отабек Омаров Геннадий Головкинді Қазақстан ҰОК басшысы қызметіне тағайындалуымен құттықтап, аймақтағы кез келген бастамаға қолдау көрсететінін айтты. Кездесу барысында спорт саласын дамытудың алдағы жоспарлары мен екі ел ҰОК арасындағы ынтымақтастық мәселесі де талқыланды. Сондай-ақ тараптар екі елдің спорт саласындағы ынтымақтастығы жасанды бәсекелестік негізінде емес, өзара қолдау негізінде құрылуы керек деген ортақ шешімге келді. Екі елдің ҰОК басшылары спортты дамытуға, жоғары нәтижелерді бағындыруға ортақ күш бағыттау қажеттігін айтты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер