Көше ортасындағы табыт. Жұмыс орнында қаза тапқандарды еске алу шарасы өтті

1023
Adyrna.kz Telegram
Фото: jurnal-new.ru
Фото: jurnal-new.ru

Италияның басты қалаларының бірінде қораптан жасалған табыттар қойылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Euronews-қа сілтеп.

Өткен жылдың қортындысы бойынша 1041 адам жұмыс орнында қаза тапқаны анықталды. Ал Милан төріне қойылған табыттар қаза тапқан жұмысшыларды еске алу үшін бағытталған.

Дәлірек айтқанда 10 мамыр күні Миланның орталық алаңдарының бірінде, Ла Скала театрына қарама-қарсы жерде табыт түріндегі картоннан жасалған 172 муляж қойылған.

Мұндай акцияны Италияның екінші ірі кәсіподақ ұйымы UIL жұмыс орнындағы өлім туралы хабардар болу үшін ұйымдастырған.

«Бүгін ашу мен азап күні, өйткені біз осы жерге қоятын әрбір табыттың артында адам есімдері бар», — деді UIL кәсіподақ ұйымының басшысы Энрико Вецца.

Биыл Ломбардияда 41 жұмысшы қайтыс болған. Айдың басында Сицилиядағы Палермо маңындағы ағынды суларды тазарту қондырғысында бес жұмысшы қаза тапқаны белгілі болды.

Пікірлер