Қазақстандағы жаңа мемлекеттік мекемеге жұмсалатын қаржы мөлшері аталды

1305
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда жаңа мемлекеттік органға шамамен 2 млрд теңге бөліну жоспарлануда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы», - делінген жобада.

Жобаға түсіндірме жазбада жобаны іске асыру орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қатысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерінде бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретіні айтылған.

«Жобаны іске асыру 1 638 715 000 теңге (2024-2028 жж.) сомасында қосымша қаржылық шығындарды талап етеді», - деп түсіндіріледі.

Құжат жобасы 24 мамырға дейін талқыланады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер