Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде топ жарды

884
Adyrna.kz Telegram

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде топ жарды, деп хабарлайды “Адырна” порталы. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет жазды.

Әйелдер арасында 48 келі салмақта өткен финалдық белдесуде Ғалия ресейлік Сабина Гилиязовадан оза шапты. Қазақстандық спортшы алдымен ваззари, кейін иппон ұпайын алып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Осылайша, Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam додасының алтынын алып отыр. Ол турнирдің финалына өз мансабында алғаш рет шыққанын да айта кету керек.

Пікірлер