Қазақтың тұңғыш кино операторы Ескендір Тынышбаевтың туғанына - 115 жыл

1018
Adyrna.kz Telegram
Фото: Liter.kz
Фото: Liter.kz

Бүгін қазақтың тұңғыш кино операторы Ескендір Тынышбаевтың туғанына - 115 жыл.

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Тынышпаев Ескендір Мұхамеджанұлы 1909 жылы 9 мамыр күні Ашхабадта дүниеге келген.

Белгілі ғалым, қоғам қайраткері, қазақтың тұңғыш инженер-теміржолшысы Мұхамеджан Тынышпаевтың ұлы.     

Ол кинодағы еңбегін 1928 жылы бастады. «Востоккино» студиясының қазақ бөлімінің ашылуына және «Соңғы жаңалықтар» қазақ киножурналының құрылуына қатысты.

Ескендір Тынышпаев Қазақстанның тарихы туралы бірқатар жоғары көркемдік ойын және деректі фильмдер түсірді. Оған мыңдаған фотошедеврлер тиесілі. Ол кинооператордан авторлық фильмдердің режиссерына дейінгі жолды өтіп, қазақ киносында алғаш рет трюктар түсіре бастады.

Оны қазақ киносының ақсақалы деп атайтын. Себебі Е.Тынышпаев Шәкен Аймановпен, Мәжит Беғалинмен, Кененбай Қожабековпен, Ораз Әбішевпен және қазақ киносының өзге де майталмандарымен бірге ұлттық кинематографияның дамуына белсене қатысты. Ол «Қазақфильмнің» құрылуына етене араласып, онда ұзақ жылдар бойы бас оператор болып жұмыс істеді.

Ескендір Тынышпаев «Кеңестік Қазақстан» киножурналы үшін 10 мыңнан астам сюжет түсірді. «Біз Жетісуданбыз», «Оның уақыты келеді» көркемдік фильмдер - оның үздік жұмыстары.

Пікірлер