Соғыс ардагерлеріне арналған сайт іске қосылды

983
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен batyrlargatagzym.kz порталы іске қосылды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Сайт Екінші дүниежүзілік соғықса қатысқан қазақстандық ардагерлер туралы мәліметтермен толтырылған ақпараттық ресурсты ұсынады.

Жобаның басты мақсаты – әр батырдың тарихта лайықты танылуын қамтамасыз ету.

“Түрлі ақпарат көздерінен ақпарат жинаған сайт қазақстандықтардың майдандағы ерлігінің мәңгілік ескерткіші болып саналады. Мәдениет және ақпарат министрлігі пилоттық жобаны 2023 жылы іске қосты және ол бірден азаматтық қоғам мен еріктілердің үлкен қызығушылығына ие болды. Бүгінгі күні порталдың функционалы кеңейтіліп, деректер толыққанды жүйеленді. Портал бір жылдың ішінде, яғни Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай барлық қазақстандық ардагер туралы деректерді біріктіретін ақпараттық интерактивті жүйеге дейін жетілдіріледі”, делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жобаны жүзеге асыруға үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілер қатысты.

Әрбір қазақстандық соғыс ардагерлері туралы қосымша ақпарат беру арқылы бұл жобаға өз үлесін қоса алады. Кез келген адам жеке отбасылық мұрағаттарда сақталған құжаттарды жобаға көшіруге беру арқылы сайтты толықтыруға көмектесу мүмкіндігіне ие болады. Бұл фотосуреттер, құжаттар, майданнан келген хаттар және басқа материалдар болуы мүмкін.

Пікірлер