Жоғары ұпай жинаған оқушысына “Зерделі” басшысы телефон сыйлады

1135
Adyrna.kz Telegram

«Зерделі» мектебінің оқушысы Мансұр Биденов Назарбаев зияткерлік мектебіне тест тапсырып, ең жоғары ұпай жинады. Оқушыға «Зерделі» мектебінің негізін қалаушы Рысбек Мәуіт соңғы үлгідегі телефон сыйлады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Бүгін НЗМ-ҒА тапсырған оқушылардың нәтижесі шығып, жан-жақтан сүйінші сұраған, қуанышымен бөліскендер көбейді!

Зерделіден оқыған Мансұр Биденов деген оқушымыз 1500-ден 1470 ұпай жинап, Республикадағы 20-дай НЗМ мектептеріне тапсырған он мыңдаған оқушының арасында чемпион болып, рекорд жасады!

Уәде еткеніміздей бүгін Мансұрға су жаңа Айфон 15 сыйладым! Бұған дейін де каратедан республика чемпионы болса, работатехникадан халықаралық жарысқа барып үлгерген екен! Бағы мен бабы қатар шаба берсін дейміз Мансұрымыздың», деп жазды Рысбек Мәуіт фейсбук парақшасына.

Сондай-ақ, ол Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Талдықорған қатарлы қалалардағы ең жоғары ұпайды Зерделі оқушылары алғаны анықталып жатқанын айтты.

 

Пікірлер