Шахта өртін сөндірген Қосанов орденмен марапатталды

1917
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Костенко атындағы шахтаның электр слесарі Айбар Қосановты ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін Qarmet акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұы Қосанов ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен наградталды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2 мамыр күні Қарағандыдағы Костенко шахтасы түтіндеп, 200-ге жуық кенші эвакуацияланған болатын.

Бықсыған отты алғашқы өрт сөндіру құралдарының көмегімен конвейер трассасының электр слесары Айбар Қосанов сөндірді.

Кенші оқиға туралы хабарлап жатқанда шахтаның басқару бөлмесінде түтін сигнализациясы іске қосылған.

Сағат 19:45–те сигнализацияға байланысты түтін сөндірілгеніне қарамастан эвакуация жоспары бойынша шахтадағы 194 кеншіні сыртқа шығару жөнінде шешім қабылданған. Сағат 21:47–де 187 кенші жер бетіне шығарылды.

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер