Қазақстандық спортшы төрт дүркін Азия чемпионы атанды

1518
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/photo-output-40-960x500.jpeg?token=31c41b16f049e1aae9cb1c6fcdf33f96
Қазақстандық палуан Жәмила Бақбергенова 72 келі салмақта төрт дүркін Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл жетістікке ол Иордания астанасы Амманда өткен әйелдер күресінен Азия чемпионатында қол жеткізді. Финалда Жәмила қытайлық Юйци Люді айқын басымдықпен жеңіп, құрлықтың үздік палуаны атағын тағы да иеленді. Осылайша, Жәмила Бақбергенова Азия чемпионаттарында төрт алтын медаль жеңіп алған алғашқы қазақ палуаны болып отыр. Бұған дейін ол 2020, 2022 және 2023 жылдары Азия чемпионаттарында топ жарған еді. Сонымен қатар, оның қоржынында әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлделері бар.
Комментарии