Тоқтаусыз жаңбыр салдарынан Дубайды су басты

842
Adyrna.kz Telegram

Дубайда толассыз жаңбыр салдарынан бірнеше ауданды су басты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 24KZ-ке сілтеп.

Қаланың бірнеше ауданында жолдарды су басып, қозғалысы тоқтсп қалған. Кейбір метро стансалары мен ең ірі сауда орталығы – Dubai Mall-тың жертөлесі су астында қалды.

Билік өкілдері тұрғындарды үйде болуға шақыруда. Білім беру мекемелері оқу режимін қашықтықтан оқытуға ауыстырды. Мемлекеттік қызметкерлерге қашықтан жұмыс істеу ұсынылады. Әуежайда бірқатар рейстер тоқтатылды. Футбол матчтары басқа күндерге ауыстырылды. Мұндай жағдай елдің басқа қалаларында да байқалады.

Метеорологтар алдағы күндері тағы да қатты жаңбыр толқыны болады деп болжап отыр.

Еске салайық, көршілес Оманда толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны болып, 17 адам қаза тапқан болатын.

Мейрамбек ЕРБОЛАТҰЛЫ

Пікірлер