Ақмола облысында кей көшелерді су басты

822
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысында көшелерді су басып, жұртты әбігерге салды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше апаттық-құтқару жұмыстарына төрт топ жұмылдырылған. Олардың құрамында 130 адам, 13 техника, 12 мотопомпа және жылжымалы сорғы станциясы бар. Құтқарушылар су басқан аумақтардан суды сору жұмыстарын тәулік бойы жүргізуде.

Әлеуметтік желіде қала тұрғындары су тасқынынан түсірілген видеолармен бөлісіп жатыр. Кейбір бейнежазбаларда үйлердің су ортасында қалғаны көрінеді. Видеолардың бірінде автор тұрғындарды қауіпті аймақтардан эвакуациялау жұмыстары басталуы мүмкін екенін айтады.

Су тасқынының себебі – қардың тез еруі мен жоғары жақтағы алқаптардан аққан сулар.

"Қазгидромет" мамандарының хабарлауынша, Боксук өзеніндегі Журавлевка ауылындағы гидробекетте су деңгейі төрт сағат ішінде 36 сантиметрге көтерілген. Сағат 12:00-дегі көрсеткіш – 625 сантиметр, ал қауіпті деңгей – 690 сантиметр. Қазіргі уақытта өзенде мұз кептелісі мен сирек мұз жүруі байқалады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер