Алматы облысында «Киелі Мекен» экологиялық акциясы бастау алды

1614
Adyrna.kz Telegram

Аталмыш акция Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық науқанының аясында, табиғатты қорғау және тарихи-мәдени ескерткіштер мен аумақты тазарту мақсатында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтың бастамасымен қолға алынды.

Экологиялық акция қоршаған табиғат пен көне дәуір рухы үйлесім тапқан Алматы облысындағы киелі орын - «Тамғалы тас» археологиялық кешенінің аумағын тазартудан басталды.

Сондай-ақ, акция шеңберінде Жамбыл Жабаев мұражай-кешені, «Таңбалы» қорық мұражайы, «Жаңа» мемориалдық құрбандар кешені, «Талғар қалашығы», Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Қарасай және Өтеген батыр ескерткіштерінің маңайы аббаттандырылды.

Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған шараны, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы да қолдап, науқанға барша жұртты қатысуға шақырған болатын.

Жалпы шараға, Алматы облысы«Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ қызметкерлері мен облыстық ҚХА мүшелері, Аналар және Ақсақалдар кеңесінің Төрағалары және этномәдени орталықтардың жетекшілері қатысты.

Айта кетейік, экологиялық акцияның өтуіне жалпы саны 500-ге жуық адам атсалысты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер