Алғашқы көмек Қырғызстаннан келе жатыр

1444
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстан Қазақстанға 270 тонна гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктерін жөнелтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Бүгін таңертең гуманитарлық жүк тиелген автоколонна Қазақстанға жол тартты», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Мұндай тапсырманы Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне президент Садыр Жапаров берген.

«Азық-түлік керуенінде» қазақстандықтарға арналған сұйық май, қант, күріш, макарон мен кондитерлік өнімдері және Қырғызстанда жасалған матрацтар мен палаткалар бар. Гуманитарлық көмектің құны – 40 миллион қырғыз сомы. Сыртына «Қырғыз елінен бауырлас қазақ еліне жәрдем» деп жазылған жүк тиеген ондаған көлік Қырғызстаннан 6-сәуір күні таңғы 4:00 де аттанған.

Айта кетейік, елдегі су тасқыны салдары әлі де сейілер емес. Аймақтар тасқын судың астында қалып, тоғыз облыста (Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ұлытау) жергілікті төтенше жағдай режимі жарияланды.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи апатқа қатысты қазақстандықтарға үндеу жолдады.

Пікірлер