МӨЗ Ресейге өтпейді — ҚМГ

832
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма басшылығы мұнай өңдеу зауыттарының сатылуына қатысты ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
"Бүгін әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та Атырау мұнай өңдеу және Павлодар мұнай-химия зауыттарын жекешелендіру жоспарланып отырғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеймін", - деді "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев.
Оның айтуынша, "сатылымға" қатысты келіссөз жүргізілген емес. Қазір ҚМГ мұнай өңдеу зауыттарында барлық өндірістік процесс штаттық режимде жүріп жатыр.
Айта кетейік, БАҚ беттерінде алдағы екі жылда екі мұнай өңдеу зауытын жекешелендіру туралы шешім қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда келісу рәсімінен өтіп жатқан "Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы" Қазақстан президенті жарлығының жобасында қамтылғаны хабарланған болатын.
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи желідегі парақшасында бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген.
"Екі бірдей мұнай өңдеу зауытын Ресей сатып алатын болса, ертеңгі күніміз Кремльдің қас-қабағынан туатын шешімге мұқтаж болып қалмай ма? Бұл қандай экономикалық саясаттан туған қисап? "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мен Энергетика министрлігі, мемлекеттік мүддемізге, ұлттық қауіпсіздігімізге адам айтқысвз нұқсан келтіретін мұндай есуас сауда-саттыққа жол беруге болмайды! Айтпады демеңіздер, егер осы ықылас-ымыраға жол берілетін болса, біз қоғамды наразылық акциясына көтеруге мәжбүр боламыз! Елді талан-таражға салуды тоқтату керек! Жетеді енді", - деп жазды депутат.
Пікірлер