Үкімет депутаттың ұсынысымен келіспеді

1629
Adyrna.kz Telegram

Үкімет Бірыңғай мемлекеттік алимент қорын құру бастамасын қолдамады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, қор құру борышкерлер санының көбеюіне, ажырасудың өсуіне, ата-аналық міндеттемелерден жалтаруға әкелуі мүмкін.

«Қордың алдында борышты өтей алу мәселесі даулы болып қала береді. Оның үстіне ол қорды құру үшін шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай мемлекет бюджетінен қосымша қаражат бөлуді талап етеді. Қорды арнайы құрылым ретінде құрып, штат бөліп, қаражат бөлу керек болады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде алимент өндірудің қолданыстағы тетіктерін күшейту қажет деп санаймыз», – деді Үкімет басшысы.

Еске салайық, бұған дейін депутат Магеррам Магеррамов Қазақстанда мемлекеттік алимент қорын құруды ұсынған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер