“Үш рет жықтым”. Канело Головкинге қарсы трилогия туралы пікірін айтты

1302
Adyrna.kz Telegram

Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы трилогия туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды “Адырна” порталы.

Бұған дейін абсолютті әлем чемпионы өз атағын отандасы Хайме Мунгуиаға (43-0, 34 КО) қарсы өткізетіні белгілі болған. Баспасөз мәслихатында Канело Головкин туралы да айтып қалды.

"Менімен рингте болу басқа біреумен қарсы күресумен бірдей нәрсе емес. Сіздер "Ойбай, Головкин сені нокаутқа түсіреді”, “Неге Головкинмен жекпе-жекке шықпайсың?” деп едіңіздер. Мен онымен үш рет жекпе-жек өткіздім, бәрі де жақсы текетірес болды, бірақ мен оны үшеуінде де құлаттым», - деді ол баспасөз мәслихатында.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкиннің Сауль Альвареске қарсы бірінші жекпе-жегі даулы есеппен аяқталса, келесі екі жекпе-жекте мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Пікірлер